ТАМЫРЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК 10 ӨНІМ

2 августа 2023

ТМД елдеріндегі өлімнің жартысынан көбі жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты екенін елестетіп көріңізші. Мұның басты себебі — дұрыс емес өмір салты, күйзелістер және дұрыс тамақтанбау. Осы факторлардың барлығы тамырлардың басты жауы — атеросклероздың дамуына әкеледі. Осы ауруды алдын алудың ең оңай жолы — дұрыс тамақтануды бастау.

Тамырлар барынша қорғалуы үшін рационда қандай тағамдар болуы керек екенін қарастырайық.

Тұтас дәнді өнімдер

Жасұнық — зиянды холестеринмен күресудің негізгі көмекшісі. Әртүрлі жармаларда жасұнықтың көп мөлшері кездеседі, атап айтқанда: сұлы, қарақұмық, арпа жармасы, тазартылмаған күріш және т. б. Сонымен қатар, тұтас дәнді өнімдер жасұныққа бай: ірі тартылған ұннан жасалған нан, қара бидай немесе арпа үлпектері, бидай слайстары және т. б.

Балықтың майлы сұрыптары

Майлы балық сұрыптарында кездесетін Омега-3 май қышқылдары қан тамырлары және жүрек ауруларының қаупін азайтады. Олар холестерин алмасуын жақсартады және тамырлардың қабынуын азайтады. Ақсерке, скумбрия, тунец және майшабақ қолданған дұрыс. Осы балық сұрыптарының бірі сіздің үстеліңізде аптасына кемінде 2 рет болуы тиіс.

Қасқыржем

Қасқыржем қан тамырларын тазартуға және ұйысқан қанның түзілуін алдын алуға арналған үздік құралдардың бірі болып саналады. Ол фолаттарға өте бай. Бұл заттар көпжылдық қан тамырының қабынуын емдей алады. Сонымен қатар, фолаттар артериялық қан қысымын төмендетеді.

Дұрыс дайындалған балғын қасқыржемнің пайдасы мол. Оны аздап тұзды суда бірнеше минут қайнату керек. Пісіргеннен кейін аздап зәйтүн майын қосуға болады.

Авокадо

Осы жемісті күнделікті тұтыну холестериннің деңгейін 17 %-ға төмендетеді. Сонымен қатар, жаман холестерин деңгейі айтарлықтай төмендейді. Ғалымдардың айтуынша, мұндай нәтижелерге осы жемісті бір апта бойы күнделікті тұтынғаннан кейін қол жеткізуге болады. Авокадодан салат жасауға немесе онымен бутербродтар жасауға болады.

Брокколи

Бұл қырыққабат жасұныққа бай болуымен қатар, оның құрамында К дәрумені көп. Бұл дәрумен сүйектерді нығайту үшін өте маңызды. Ол сондай-ақ артериялардың зақымдануын және тамырлардағы холестерин түйіншектерінде кальцийдің жиналуын болдырмайды.

Мүмкіндігінше пайдалы заттарды сақтау үшін брокколиді дұрыс пісіру керек. Қырыққабатты қайнаған суға салып, аздап тұз қосып, 5 минуттан артық емес уақыт қайнатыңыз. Брокколи қытырлақ болуы керек, бірақ тым шикі емес. Оны пісіргеннен кейін бірден жеу керек.

Мүкжидек

Бұл өте пайдалы жидек. Зерттеу нәтижелері бойынша оны жүйелі түрде тұтыну жүрек және қан тамырлары ауруларының даму қаупін 40 % төмендетуі мүмкін. Мүкжидек — зиянды холестеринді төмендететін калийге өте бай.

Анар

Бұл жеміс фитохимиялық заттарға бай. Бұл заттар артериялардың шырышты қабығын зақымданудан және қабыну процестерінен тиімді қорғайды. Ал табиғи анар шырыны ағзадағы азот оксидінің мөлшерін арттырады. Бұл қан тамырлардың кеңеюіне және олар арқылы қанның өтуінің жақсаруына әкеледі.

Көк шай

Көк шайдың құрамында катехиндер көп. Бұл қосылыстар зиянды холестериннің сіңуін айтарлықтай төмендетеді. Сондай-ақ, катехиндер онкологиялық ауру қаупін азайтады және артық салмақ жинауға жол бермейді.

Кофе

Табиғи кофе қан тамырларының күйіне оң әсер етеді. Мұны Гарвард университетінің ғалымдары дәлелдеді, олар осы тақырып бойынша ауқымды зерттеулер жүргізді. Күніне екі-төрт кесе кофе ішетін адамдарда қан тамырлары мен жүрек проблемалары 20 %-ға төмендейді.

Асжапырақ

Асжапырақ қан қысымын төмендететін қасиеттерімен танымал. Ол фолий қышқылы мен кальцийге бай, олар өз кезегінде жүрек-тамыр жүйесіне оң әсерін тигізеді.

Бұл өнімдер тапшы емес, олар барлығына қол жетімді екенін білесіздер. Өз рационыңызды қайта қарап шығыңыз және осы тізімдегі 3–5 тағамды қосыңыз. Сондай-ақ, тұтас дәнді өнімдерді міндетті түрде қосыңыз. Бұл тамырларды зиянды әсерден қорғайды және өмір сүру ұзақтығына оң әсерін тигізеді.