НЕ СЕБЕПТЕН НАННЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІ ПАЙДАЛЫ ЕМЕС?

Тамыз 2 2023

Бүгінде, әженің пешінен жаңа піскен нанның иісін және бір стақан сүтпен ішетін жұмсақ нанның шетін еске түсіретіндер аз. Нан ұзақ уақыт бойы қажетті өнімге айналды және бұл оның сапасына жақсы әсер еткен жоқ. Өйткені, оның бағасы арзан және миллиондаған адамдар үшін қол жетімді болуы тиіс.

Неліктен барлық нан түрлері пайдалы емес?

Сөрелерде кездесетін заманауи нанның көпшілігі жоғары сапалы ұннан жасалған. Сұрақтың жауабы нанды өндіру барысында жасырылады.

Бидайдың дәні, жоғары сұрыпты ұн шығару кезінде қабығынан және ұрығынан тазартылады. Дәл осыларда минералдардың, дәрумендер мен жасұнықтың көп мөлшері бар. Негізінде, жоғары сұрыпты ұнда бос калориялардың көзі болып табылатын крахмал ғана қалады.

Ал ақ нан өндірісінде көп жағдайда, ұн сонымен қатар ағартылады. Ол үшін әртүрлі заттар мен химиялық қосылыстар қолданылады. Оларды ағзаға үлкен зиян келтіретіні екіталай, алайда олардан ешқандай пайда жоқ.

Нанның құрамында жасұнық бар ма?

Жоғары сұрыпты ұннан дайындалған нанның құрамында іс жүзінде жоқ. Ол ұн өндіру процесінде қажетсіз қоспа ретінде жойылады. Мұндай нанның100 гр-да жасұнықтың құрамы бар-жоғы 0.2 г аспайды. Бұл өте аз. Оны тұтынудың күнделікті мөлшері 20–30 грамм аралығында болады.

Тағам рционындағы жасұнықтың жеткіліксіз мөлшері ас қорытудың бұзылуына, семіздік пен екінші типтегі қант диабетінің даму қаупіне әкеледі.

Қандай нанның пайдасы бар?

Нан сұрыптары түрінің көптігіне қарамастан, олардың арасында пайдалысы өте аз. Пайдалы сұрыптарға келесілерді жатқызуға болады:

1. Қарабидай наны немесе қарабидай ұны қосылған нан. Қарабидай ұнында жоғары сапалы бидай ұнына қарағанда әлдеқайда көп қоректік заттар бар. Қара бидай нанының калориясы төмен және құрамында жасұнық көп. Ол диеталық тамақтану үшін, семіздік пен қант диабеті кезінде тамаша үйлеседі.
2. Кебек қосылған нан. Кебектің құрамында көптеген дәрумендер, минералдар мен жасұнық бар. Олар ағзаны тазартуға көмектеседі және салмақ тастауға тиімді.
3. Тұтас дәнді ұннан жасалған нан немесе бионан. Тұтас дәнді ұнда бидайдың құрамындағы пайдалы элементтердің барлық жиынтығы бар.
4. Ашытқысыз дайындалған нан. Ол құлмақ ашытқысында дайындалады және қабынуға қарсы және өт айдау әсеріне ие.

Бидайдан әзірленетін тағы бір пайдалы өнім — слайстар. Ұннан жасалған наннан айырмашылығы, слайстар тұтас дәннен жасалады. Сондықтан бұл өнім өзінде бидайдың барлық пайдалы қасиеттерін сақтайды. 25 граммдық слайстық құрамында бір бөлке нанның құрамындағыдай жасұнық бар.

Қорытынды жасаңыз

Нанның қай сұрыптарының пайдасы жоғары екенін енді білесіз. Рационнан қалған нан түрлерін алып тастай отырып, сіз дұрыс тамақтану мен сымбатты мүсінге үлкен қадам жасайсыз.